23 тамыз еліміз үшін маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтуде.
Осыған орай Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Құрық ауылындағы №145 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Аудан басшысы бұл маңызды саяси шараға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.
Сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, азаматтардың өз таңдауларын еркін білдіруіне барлық қажетті жағдай жасалған.
Айта кетейік, елімізде өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы аясында азаматтардың белсенділігі жоғары деңгейде байқалуда. Мемлекет өміріндегі маңызды саяси науқанға қоғамның түрлі өкілдері қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1279117?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау