САУ ЖҮРЕК — САУ БАЛА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облыстық балалар ауруханасында өңірлік балалар кардиохирургиялық орталығы ашылды. Жаңа орталықтың ашылу рәсіміне Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Ділдабеков қатысты.
Заманауи орталықтың ашылуы — балалар кардиохирургиясы саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Енді Түркістан облысы, Қызылорда облысы және Шымкент қаласында жүрегінде туа біткен ақауы бар балаларға жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмекті өңірге жақын жерде көрсетуге мүмкіндік кеңейеді.
Орталықта кардиология, кардиохирургия, кардиохирургия ота залы және кардиореанимациясы бар. Сонымен қатар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған операциялық зал жұмыс істейді. Бұл балаларға қажетті диагностикалық және емдік шараларды дер кезінде жүргізіп, жоспарлы және шұғыл хирургиялық көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Түркістан облыстық балалар ауруханасында 2014 жылдан бері туа біткен жүрек ақауларына байланысты 3 433 операция жасалған. Бүгінде балалар кардиохирургиясы бөлімшесінде жылына 100-ден астам операция орындалады. Оның ішінде күрделі ашық жүрек оталары да бар.
Өңірлік орталықтың жұмысы жүрек ақауларын ерте анықтауға, диагнозды нақтылауға және балаларға қажетті емді уақытылы бастауға жол ашады. Ең бастысы — кішкентай пациенттердің медициналық көмек алу үшін алысқа бару қажеттілігін азайтып, жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмекті өз өңірінде алуға жағдай жасайды.
Баланың жүрегі — оның өмірінің ең маңызды бастауы. Сондықтан әрбір дер кезінде қойылған диагноз бен жасалған ота — баланың дені сау болып өсіп, толыққанды өмір сүруіне жасалған маңызды қадам.
П

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1279151?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version