Жамбыл облысында газдандыру қарқыны артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында халықты табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінде өңірдегі 357 елді мекеннің 284-і, яғни 1,116 млн тұрғын табиғи газ игілігін пайдаланып отыр. Бұл облыс халқының 91,8 пайызына тең.

Шу аудандарындағы елді мекендерді газбен қамтуға бағытталған жобалар жүзеге асуда. «Еврохим» автоматты газ тарату станциясының құрылысы аяқталу сатысында. Нысан іске қосылғаннан кейін «Еврохим-Қаратау» кешеніне газ беріліп, Сарысу ауданындағы 13 елді мекен мен Жаңатас қаласының орталық қазандығын газға қосуға мүмкіндік туады.

Шу ауданындағы автоматты газ тарату станциясының құрылысы да басталды. Бұл жоба Шу ауданындағы 18 және Мойынқұм ауданындағы 24 елді мекенді кезең-кезеңімен табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін облыста газдандыру саласына 8,5 млрд теңге бағытталып, Арыстанды, Үшбас және Бүркітбаев ауылдарындағы 5 мыңға жуық тұрғынды көгілдір отынмен қамту жоспарланған. Осы жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі газдандыру деңгейі халық саны бойынша 92,2 пайызға дейін көтеріледі.

Осылайша, Жамбыл облысында газдандыру ауқымы жыл сайын кеңейіп, шалғай елді мекендерге де табиғи газ жеткізуге басымдық берілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1278867?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version