ӘСКЕРИ ЖИЫНҒА САРБАЗДАР АТТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Сайқын ауылында 25 тамыз – 3 қыркүйек күндері аралығында Теректі ауданында өтетін әскери жиынға қатысатын әскери міндеттілерді шығарып салу рәсімі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – әскери міндеттілердің әскери даярлығын жетілдіру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру және әскери машықтарын арттыру.

Шығарып салу рәсіміне аудан әкімі Н.Даумов, ауданның салаға жауапты мамандары, әскери қызметшілер және әскери міндеттілер қатысты. Жиын барысында қатысушыларға әскери тәртіпті сақтау, белгіленген талаптарды орындау және оқу-жаттығу бағдарламасына жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндірілді.

Шарада сөз алған аудан басшысы Нұрлыбек Жасқайратұлы – Бүгін ауданымызда алғаш рет жұмылдыру дайындығы мен қорғаныс дайындығы арналған әскери жиын өткізгелі отыр. Бұл жиын – еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлығын жетілдіру, қажетті жағдайда ел мен жерді қорғауға әзірлігін арттыру бағытындағы маңызды іс-шара.

Отан қорғау – әр азамат үшін қасиетті парыз. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосу – үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе. Сондықтан осындай әскери жиындардың маңызы ерекше.

Жиын барысында сіздер әскери даярлықтарыңызды шыңдап, теориялық білімдеріңізді тәжірибемен ұштастырып, бөлімшелер құрамында өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіресіздер деп сенемін, – деген жылы лебізін білдірді.

Әскери жиын кезінде әскери міндеттілер қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану, тактикалық дайындық, саптық даярлық және басқа да әскери бағыттар бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіретін болады.

Жауапты мамандар әскери жиынның маңыздылығына тоқталып, әскери міндеттілерге сәттілік тілеп, жүктелген міндеттерді абыроймен орындауға шақырды.

Әскери жиын – азаматтардың әскери даярлығын жетілдіріп, ел қорғанысын қамтамасыз етуге қажетті кәсіби және практикалық дағдыларын арттыруға бағытталған маңызды іс-шара. Ел қауіпсіздігін нығайту жолында әскери міндеттілердің дайындық деңгейін арттырудың маңызы зор.

Әскери жиынға ауданнан 50 әскери міндетті аттанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1279930?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version