Қарағанды облысы Шет ауданының Нұраталды ауылында 244-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының жаңа бекеті ашылды. Ол Қошқарбай ауылдық округінің төрт елді мекеніне – Қошқарбай, Ақсу, Қызылқой және Шопа ауылдарына қызмет көрсетіп, 1 500-ден астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Іс-шараға Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа бекет заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бекет қызмет атқаруға толық жасақталған: мұнда ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жарақтар және жауынгерлік киім-кешек бар.
Бекеттің ашылуы төтенше жағдайларға ден қою жеделдігін арттырып, тұрғындарға қажетті көмекті уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1279931?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау