Мүгедектікті белгілеу мерзімі және мүгедектік топтарын анықтау тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мүгедектік топтары белгілі мерзімге белгіленеді. Адамның денсаулық жағдайы емделуден немесе оңалтудан кейін жақсаруы мүмкін болса, мүгедектік белгілі мерзімге беріледі. Мүгедектік тобы диагноздың атауына емес, адамның денсаулығына байланысты тіршілік ету мүмкіндіктерінің шектелгеніне қарай белгіленеді.
 
Мүгедектік белгілі бір мерзімге белгіленуі мүмкін. Қолданыстағы тәртіп бойынша 18 жастан асқан адамдарға мүгедектік мерзімі қазіргі тәртіп бойынша 1, 2, 5 жылға, мерзімсіз, 7 жасқа және 18 жасқа дейін беріледі.
 
Мүгедектік тобының мерзімі барлығына бірдей қойылмайды. Сол мерзім аяқталғаннан кейін адамның жағдайы қайта бағаланады. Мүгедектікке негіз болған функционалдық бұзылыстар сақталса, мүгедектік қайта белгіленуі мүмкін.
 
Сонымен қатар, бірінші, екінші, үшінші топтардың мерзімі міндетті түрде болады деген түсінік дұрыс емес. МӘС мамандары медициналық құжаттарды, аурудың ағымын, функционалдық шектеулерді және адамның өмір сүру мүмкіндіктерін бағалап, тобын да, оның мерзімін де анықтайды.
 
Мүгедектік үш топқа бөлінеді: бірінші, екінші, үшінші топ.
 
1-топ – денсаулық жағдайы өте ауыр, ағза функцияларының бұзылысы айқын болады. Адамның өзіне-өзі қызмет көрсетуі, жүріп-тұруы, қарым-қатынасы, күнделікті әрекеттері қатты шектеледі. Көп жағдайда басқа адамның көмегіне мұқтаж.
 
2-топ – ағза функцияларының бұзылысы айқын, бірақ 1-топтағыдай аса ауыр емес. Адамның еңбек етуі, жүріп-тұруы, өзіне-өзі қызмет көрсетуі және басқа да тіршілік әрекеттері едәуір шектеледі.
 
3-топ – ағза функцияларының бұзылысы орташа деңгейде болады. Адамның еңбек етуі немесе басқа тіршілік әрекеттері белгілі бір деңгейде шектеледі. Бірақ өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігі көбіне сақталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-mangystau/press/news/details/1279919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version