Мас күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қауіп

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтап, оның заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Күндізгі уақытта 31 жастағы қала тұрғыны Mercedes-Benz автокөлігін басқарып, көлік қозғалысы қарқынды Жансүгіров көшесімен жүрген.

Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын растады. Оның әрекеті жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді.

Аталған дерек бойынша материалдар сотқа жолданды. Жүргізушіге 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

Полиция ескертеді: масаң күйде көлік басқару – заңды өрескел бұзу әрі айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне тікелей қатер. Алкогольдік ішімдік немесе есірткі заттарын қолданғаннан кейін көлік тізгініне отырмаңыз. Бір сәттік жауапсыздық жүргізушінің ғана емес, жазықсыз адамдардың да өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1279752?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version