Шымкент қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы инспекторлары кәсіпорынның газдан құтқару қызметіне тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік инспекторлар жүргізген кешенді тексеру нәтижелері бойынша «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сай деп танылды. Осыған орай, аталмыш ұйымға авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығын беретін ресми қорытынды берілді.
Тексеру барысында қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейі мен біліктілігі, сондай-ақ техникалық жарақтандырылуы мен құрал-жабдықтардың талаптарға сәйкестігі жан-жақты бағаланды. Өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері басқарманың қатаң бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1279356?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау