Пробация қызметі есепте тұрған азаматтарға жұмысқа орналасуға көмектеседі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Целиноград ауданының пробация қызметі Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – пробация есебіндегі азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, олардың еңбек нарығына бейімделуіне қолдау көрсету және қоғамға табысты кірігуіне жағдай жасау.

Жәрмеңке барысында қатысушыларға қолжетімді бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріліп, жұмысқа орналасу шарттары мен жұмыс берушілердің талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтарға жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес беріліп, олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар пробация есебіндегі азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, тұрақты жұмыспен қамтылуына және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, азаматтардың әлеуметтік тұрақтылығын арттырып, қайта құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1279354?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version