Павлодар облысында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаға көмек көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         112 операторыңың пультіне зардап шеккендер бар жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жедел жетті.

          Алдын ала мәлімет бойынша, Павлодар облысының Тлектес ауылында трактор екі баланы қағып кеткен.

          Апаттар медицинасы орталығының жедел медициналық жәрдем бригадасы кәмелетке толмаған балалардың біріне медициналық көмек көрсетіп, одан әрі тексеру және ем алу үшін Павлодар қаласындағы балалар облыстық ауруханасына жеткізді. Екінші баланың ата-анасы баланың медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтып, медициналық тексеруден өткізуден бас тартты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1279833?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version