
112 операторыңың пультіне зардап шеккендер бар жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жедел жетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, Павлодар облысының Тлектес ауылында трактор екі баланы қағып кеткен.
Апаттар медицинасы орталығының жедел медициналық жәрдем бригадасы кәмелетке толмаған балалардың біріне медициналық көмек көрсетіп, одан әрі тексеру және ем алу үшін Павлодар қаласындағы балалар облыстық ауруханасына жеткізді. Екінші баланың ата-анасы баланың медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтып, медициналық тексеруден өткізуден бас тартты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1279833?lang=ru

Жауап қалдыру