Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «XXI ғасыр дарындары» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі аяқталды. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің жарнама саласындағы қолданысын кеңейту және көрнекі ақпараттың тілдік сапасын арттыру болып табылады.
26 тамызда Ақтөбе қаласындағы «Business Empire» бизнес-орталығында (Ғ. Жұбанова к-сі, 15Д) байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Рәсімді «XXI ғасыр дарындары» қоғамдық қорының өкілі Гульнар Әбдісаматқызы Кабиева жүргізді.
🎙 Іс-шарада сөз сөйлегендер: ▪️ Нұрдәулет Мырзалыұлы Алдашев – Ақтөбе қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, жарнама тілінің тазалығы мен сауаттылығы мәселесі бойынша баяндама жасады ▪️ Арман Зашитұлы Жылгелді – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы салалық кеңесінің төрағасы, мемлекеттік тілдің көрнекі ақпараттағы қолданысы мәселесі бойынша сөз сөйледі ▪️ Амангелді Құрманғазыұлы Қонақбаев – Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы, қатысушыларға құттықтау сөзін арнады
🏆 Республикалық байқауға жолдама алғандар: ✅ «Ваниль» кондитерлік дүкені (Ақтөбе қ.) ✅ «New media» жарнама агенттігі (Ақтөбе қ.)
🎖 Ынталандыру жүлдесінің иегерлері: Алға, Мұғалжар, Әйтеке би аудандары мен Ойыл ауылының кәсіпкерлері марапатталды, оның ішінде Мұғалжар ауданынан сабын өндірумен айналысатын жеке кәсіпкер де жүлделі орынға ие болды.
Марапаттау барысында байқау жеңімпаздарына дипломдар, ал қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Іс-шара қатысушылармен бірге түскен естелік суретпен қорытындыланды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі қолданысын кеңейтуге және кәсіпкерлік ортада тіл мәдениетін дамытуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1280637?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау