Қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан қызметкерлерді еске алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс салдарынан қызметтік міндеттерін орындау барысында азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері қаза тапты. Бүгінгі күні осы қайғылы оқиғаға бес жыл толды.

      Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өз өмірлерін қиған батырларды ұлықтау, олардың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету және есімдерін мәңгі есте сақтау біздің міндетіміз.

     Олардың жанқиярлығы мен батылдығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Олар өз өмірлерін бәске салып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күресті.

     Осыған орай бүгін қызметтік міндеттерін орындау барысында батырлықпен қаза тапқан қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алу және гүл шоқатарын қою рәсімі өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1280624?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version