Алматы қаласының нысаналы топтарындағы халықты жоспарлы иммундауды ұйымдастыру және жүргізу жөнінде жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың тамызында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенованың төрағалығымен Алматы қаласының нысаналы топтарындағы халықты жоспарлы иммундауды ұйымдастыру және жүргізу жөнінде жұмыс кеңесі өткізілді.

 

Іс-шараға басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова және Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Сәрсембайқызы Ахметова қатысты.

 

Бұдан бөлек, жұмыс кеңесіне Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры қатысты.

 

Кеңесте медициналық ұйымдардың учаскелері бөлінісінде жоспарлы иммундауға жататын халықты жоспарлау, медициналық құжаттаманы жүргізу, оның ішінде медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты вакцинацияланбаған және вакцинациядан бас тартқан балаларды есепке алу, иммунопрофилактика мәселелері және медицина қызметкерлерін даярлау, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын белсенді жүргізу, сондай-ақ туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға нормативтік құжаттарға енгізілген соңғы өзгерістер ескере отырып тиісті ұсыныстар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1280625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version