Әкім қабылдауында Алға ауданының әкімі А.С. Шуиншалиев аудан тұрғындарының өтініштерін қарады.
Барлығы 5 өтініш келіп түсті. Негізгі мәселелер жұмысқа орналасу, тұрғын үй және коммуналдық төлемдерге қатысты болды. Әрбір өтініш иесі мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірулер берілді.
Жауапты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларына көтерілген мәселелерді шешу бойынша қажетті шаралар қабылдап, тиісті көмек көрсету жөнінде тапсырмалар берілді.
А.С. Шуиншалиев халықтың өмір сүру сапасын арттыру және тұрғындардың өзекті мәселелерін уақытылы шешу жұмыстың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол халықпен ашық диалог орнату мен тұрақты кері байланыстың маңыздылығына тоқталды. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүзеге асырады. Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-11-11.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1280564?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау