Шет ауданында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шет ауданында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жарнама мәтіндерінің сапасын жақсарту және тіл тазалығын сақтау бағытында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша ауданның әр өңірінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өзіндік үлес қосып жүрген тіл жанашырлары анықталды.

🏆 Байқау жеңімпаздары:

🥇 І орын– Тасырбаева Гаухар Болатқызы, Ақадыр кенті;

🥈 ІІ орын– Касимова Шынар Қуанышбековна, Ақсу-Аюлы ауылдық округі;

🥉 ІІІ орын – Өтеген Әділбек Қанатұлы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі.

🎓 Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Байқауға қатысқан барлық тіл жанашырларына мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, жарнама мәтіндерінің сапасын арттыруға және тіл заңнамасының талаптарын сақтауға қосқан үлестері үшін бөлім басшысы А. Ахметов алғыс білдірді.

Сауатты жарнама – мемлекеттік тілдің қоғамдық кеңістіктегі қолданысын кеңейтудің маңызды көрсеткіші.

#ЖарнамаТілТазалығыныңКөрінісі #МемлекеттікТіл #ҚазақТілі #ТілТазалығы #ТілЖанашыры #ШетАуданы #ҚарағандыОблысы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1280563?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version