26.08.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті, Ақсу ауданының әкімдігі, Жетісу облысы нотариаттық палатасы, Жетісу облысы адвокаттар алқасы мен Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтіп, «Тегін заң консультациясы» акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық консультациялар жүргізілді. Сонымен қатар жаңа Конституция бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында жалған (номиналды) заңды тұлғалардың, жалған кәсіпкерлердің және жалған бір күндік фирмалардың қызметін болдырмау мақсатында тұрғындарға аталған іс-әрекеттердің заңға қайшы екендігі түсіндіріліп, тиісті материалдар (кітапшалар) таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1280444?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау