Астана полицейлері перзентханаға асыққан әйелге «жасыл дәліз» ұйымдастырды: отбасында ұл бала дүниеге келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24 тамызда Астана қаласының полиция қызметкерлері перзентханаға асыққан ерлі-зайыптыларға көмек көрсетті. Күйеуі «Күйгенжар» бекетінде қызмет атқарып тұрған полицейлерге жүгініп, көмек сұраған. Оның айтуынша, жұбайының толғағы басталып, шұғыл медициналық көмек қажет болған. Мұндай жағдайда әр минуттың маңызы зор еді.

Патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция капитаны Мұратбек Омарбеков пен ЖҚАЖ инспекторы, полиция капитаны Аскар Марат көлікке дереу сүйемелдеу ұйымдастырды. Полицейлер «жасыл дәліз» қамтамасыз етіп, ерлі-зайыптылардың перзентханаға кедергісіз әрі барынша жылдам жетуіне мүмкіндік жасады.

Полиция қызметкерлері әйелді медицина мамандары қабылдап, қажетті көмек көрсетілгеніне де көз жеткізді.

Сол күні отбасында ұл бала дүниеге келді.

«Мұндай жағдайда әр минуттың маңызы зор. Сондықтан ерлі-зайыптылардың перзентханаға барынша жылдам әрі қауіпсіз жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстық», – деді полицейлер.

Кейін әйелдің жұбайы полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін жеке алғыс айтуға арнайы келген.

Анықталғандай, осыған ұқсас жағдай бір күн бұрын, 23 тамызда да болған. Сол күні Астана полицейлері тағы бір жүкті әйелге көмек көрсетіп, көлікті медициналық мекемеге дейін сүйемелдеп, кедергісіз өтуін қамтамасыз еткен.

Осылайша, екі күн қатарынан елорда полицейлері босанған әйелдерді медициналық мекемеге шұғыл жеткізуді қажет еткен отбасыларға көмек көрсетті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1280668?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version