Жеке кәсіпкерлерге сәйкестік туралы декларацияға қол қою бойынша түсіндірме жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 тамызда Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында жеке кәсіпкерлердің қатысуымен бірлескен кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысына Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Бектұрсынов Досхан Мұсаханұлы қатысты.

Кездесу барысында Д.Бектұрсынов кәсіпкерлерге 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Құрылыс кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілгенін растау жөніндегі сәйкестік туралы декларацияға қол қою функциясы Департаментке берілгенін хабарлады.

Сонымен қатар, сәйкестік туралы декларацияға қол қою тәртібі және оны рәсімдеу кезінде заң талаптарына сәйкес болуы тиіс құжаттар бойынша түсіндірмелер берілді.

Кеңес барысында кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, қолжетімді орта қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1280666?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version