Балалардың құқықтарын қорғау және тәуекел тобындағы оқушыларды сүйемелдеу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басқарманың ұйымдастыруымен онлайн форматта ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау барысына арналған жұмыс кеңесі өтті.

Жиынның негізгі мақсаты — «тәуекел тобына» кіретін және суицидтік көріністердің белгілері бар балалармен жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың тиімділігін саралау және оларға тағайындалған менторлардың қызметін үйлестіру.

Жиын барысында аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары қатысты. Онлайн кездесуде Отбасын қолдау орталығының директоры және Психологиялық қолдау орталығының бөлім жетекшісі баяндама жасап, атқарылған шаралар туралы ақпарат берді. Кейс-менеджерлер мен менторлар тарапынан туындаған сұрақтар мен ұсыныстар талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Жиынға «Өмірдің қиын жағдайына тап болғандарға қолдау көрсету «Жомарт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Майя Наримова қатысты.

Ендігі кезде аталған қоғамдық бірлестік «Менторлар мектебі» жобасы аясында менторлар, тәлімгерлер мен кейс-менеджерлерді іріктеу, оқыту және олардың жұмысын үйлестіру бағытында әдістемелік қолдау көрсететін болады.

Басқарма тарапынан бұл бағыттағы жиындар тұрақты түрде өткізілетіні және зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, құқықбұзышылыққа бейім балалармен жұмыс жасайтын мамандармен кездесулер жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balakorgau-kzl/press/news/details/1280622?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version