2026 жылғы 26 тамызда, Алматы облысы Әділет департаментінің Іле ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі, Іле ауданы бойынша Қазынашылық басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшалай қаражатты ақшаны уақытша орналастырудың бақылау қолма-қол ақша шотынан аудару тәртібі мен мерзімдерін сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында ақшаны уақытша орналастырудың бақылау қолма-қол ақша шотынан ақшалай қаражатты аударудың белгіленген мерзімдерін сақтау, сондай-ақ сот шешімдерін орындау мақсатында оларды өндіріп алушыларға одан әрі аудару тәртібі мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында әділет органдары мен қазынашылық органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ өндіріп алынған ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес алушыларға уақтылы аударуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1280611?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау