ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кезекшілік ауысымы, күнделікті қызмет, дабыл үні… Сергей Владимирұлы Заикин үшін мұның бәрі жылдар бойы қалыптасқан өмір ырғағы еді. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарып, қарапайым маманнан қарауыл бастығына дейін өсті. Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау майоры ретінде жеке құрамға жетекшілік етіп, өрт пен төтенше жағдай кезінде жауапты шешімдер қабылдаған Сергей Владимирұлы үшін 2021 жылдың 26 тамызы соңғы кезекшілік еді. Сергей Заикиннің өмір жолы — азаматтық қорғау қызметінің мәнін үнсіз көрсеткен ғұмыр. Ол атақ үшін емес, анты мен міндетін атқару үшін қызмет етті. Бүгінде оның есімі әріптестері үшін қызметтегі жылдардың, қиын сәттерде тайсалмай әрекет еткен азаматтың және өз ісіне соңына дейін берік болған майордың бейнесімен бірге аталады. Батырдың аты өлмейді… @112jambyl

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1280454?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version