Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара барысында тұрғындарға интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтықтың түрлері, оның ішінде жалған қоңыраулар мен хабарламалар, әлеуметтік желілер және түрлі интернет-платформалар арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер туралы түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері азаматтарға банк картасының деректері, SMS арқылы келетін растау кодтары, құпия сөздер және басқа да жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша ақша аудармау, сондай-ақ интернет арқылы тауар немесе қызмет сатып алу кезінде барынша сақ болу қажеттігі айтылды.
Тұрғындарға алаяқтардың түрлі психологиялық тәсілдерді қолданатыны және азаматтарды асықтырып, қорқытып немесе жалған ақпарат беру арқылы ақша аударуға итермелейтіні түсіндірілді.
Маңғыстау ауданы полиция бөлімі тұрғындарды интернет кеңістігінде қырағы болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және жеке әрі қаржылық деректерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Есте сақтаңыз: алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы — қырағылық. Жеке және банк деректеріңізді ешкімге бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және күдікті жағдай туындаған кезде бірден полицияға хабарласыңыз.
https://www.instagram.com/reel/DcfUDgjsLGc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1280453?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау