Кентау қаласында даңқты ардагер кенші, қала тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған Сақ Мәуленқұлұлының 100 жылдығына орай стандартты шахматтан республикалық турнир басталды.
Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы Сақ Мәуленқұлұлының ел игілігі жолындағы еңбегіне тоқталып, оның Кентау қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, турнирге қатысушыларға сәттілік тілеп, тартысты бәсекеде жоғары нәтижелер көрсетуіне тілектестігін білдірді.
Республикалық деңгейдегі шахмат додасына еліміздің әр өңірінен 20-ға жуық команда, 60-қа жуық шахматшы қатысып, өзара бақ сынауда.
Бес күнге жоспарланған турнир барысында қатысушылар стандартты шахмат бойынша шеберліктерін көрсетіп, үздіктер анықталады.
Айта кетейік, мұндай ауқымды жарыстар шахмат спортының дамуына серпін беріп қана қоймай, өскелең ұрпақ арасында зияткерлік ойындарды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1280121?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау