Өңірде 5 жаңа ветеринариялық станция салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Атырау облысында ветеринариялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту және мамандардың жұмыс жағдайын жақсарту бағытында жаңа нысандар салу жоспарлануда.
2026–2027 жылдары облыста 5 ветеринариялық станция салу көзделген. Оның ішінде 2026 жылы – 2, 2027 жылы тағы 3 ветеринариялық станция салынады.
 
Жаңа нысандар ветеринариялық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы жануарларына жүргізілетін профилактикалық әрі диагностикалық іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ветеринариялық станциялар базасында жануарларды ветеринариялық тексеру, аурулардың алдын алу, диагностика жүргізу және басқа да қажетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалады.
 
Бұл бағыттағы жұмыстар өңірдегі ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, мамандардың жұмыс тиімділігін арттыруға да ықпал етеді.
Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығын қорғау, жұқпалы аурулардың алдын алу және ветеринариялық-эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарына қосымша мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1280128?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version