Өңірде егін жинау жұмыстары 52%-ға орындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Атырау облысында 2026 жылғы егін жинау науқаны жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Биылғы көктемгі егіс жұмыстары кезінде өңір бойынша 10 083,2 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
 
Қазіргі уақытта 5 252 гектар алқаптан барлығы 75 864 тонна өнім жиналды. Оның ішінде 3 111 тонна картоп, 34 000,6 тонна көкөніс және 24 241,2 тонна бақша дақылдары бар.
Бүгінде егін жинау жұмыстарының 52 пайызы орындалды. Қалған алқаптардағы өнімді жинау жұмыстары қараша айына дейін жалғасады.
 
Егін жинау науқанына қажетті техника мен еңбек ресурстары жұмылдырылып, жұмыстар өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан жоспарлы түрде жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1280149?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version