Пробация есебінде тұрған сотталған түзеу мекемесіне жіберілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған сотталған екі ай бұрын жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуына байланысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылған болатын.

Алайда, пробациялық бақылауда бола тұра, ол белгіленген тәртіп пен жазаны өтеу шарттарын байыппен қабылдамады. Босатылғаннан кейінгі үшінші күні-ақ сотталған қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ол белгіленген талаптарды бұзып, түнгі уақытта тұрғылықты жері бойынша болмаған.

Бірнеше рет жасалған бұзушылықтарға байланысты пробация қызметі сотқа жазаны ауыстыру туралы тиісті ұсыныс жолдады.

Сот материалдарды қарап, ұсынысты қанағаттандырды және жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде сотталған 5 ай 14 күн мерзімге орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қайта жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1280084?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version