Бүгін Ақжайық ауданының Қабыршақты және Алғабас ауылдарында жаңа ветеринариялық пункттер ашылып, пайдалануға берілді.
Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, аудан әкімі Мұрат Сердалин, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық инспекциясының басшысы Тілек Мұқатов және ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары жаңа нысандардың ауыл тұрғындары үшін маңыздылығына тоқталып, ветеринариялық қызмет көрсету сапасын арттырудағы рөлін атап өтті.
Қабыршақты және Алғабас ауылдарының тұрғындары ветеринариялық қызметтердің бірқатар түрін жергілікті жерден ала алады. Бұл мал ауруларының алдын алуға, ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және мал басының ветеринариялық қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Жаңа ветеринариялық пункттердің ашылуы – ауылдық жерлердегі ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту, қызметтердің қолжетімділігін арттыру және тұрғындарға сапалы ветеринариялық көмек көрсету бағытындағы маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1280077?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау