Электровелосипед, электросамокат және Мопед жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Әрбір көлік құралы өзінің техникалық сипаттамасына қарай тиісті санатқа жатады және оған белгіленген талаптар сақталуы тиіс.
25 тамыздан бастап электросамокаттарға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында жүруге тыйым салынады.
Велосипед жолы немесе велосипед жолағы болса, самокат тек солармен жүруі тиіс. Олар болмаған жағдайда жол қозғалысы қағидаларына сәйкес жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен қозғалу қажет.
Жолдың жүріс бөлігіне тек 18 жасқа толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және қорғаныш дулығасын киген азаматтар ғана шыға алады. Қараңғы уақытта жарық қайтарғыш элементтерді пайдалану міндетті.
Жолаушы мен жүк тасымалдауға, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелінен самокатпен жүріп өтуге болмайды — өткелден самокаттан түсіп, жаяу өту қажет.
Мопед пен электровелосипед жүргізушілері де өз көлігінің санатына сәйкес тіркеуі қажет.
Заң талаптарына бағынып, жол ережелерін сақтауға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1280079?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау