САРЫАҒАШ: МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданында ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекенінде салынып жатқан медициналық нысанға барып, құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.
 
Құрылыс жұмыстарының орындалу сапасы, жұмыс қарқыны және белгіленген мерзімдердің сақталуы зерделенді. Аудан әкімі мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән берудің қажеттігін атап өтті.
Қазіргі таңда Дихан баба елді мекеніндегі медициналық нысан ғимаратында ішкі сылақ және әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ғимараттың сыртқы бөлігін қаптау жұмыстары атқарылуда.
 
Айта кетсек, медициналық нысанның іске қосылуы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, алғашқы медициналық-санитариялық қызметтерді елді мекеннің өзінде алуға мүмкіндік береді. Бұл ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға оң ықпал етпек.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1280687?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version