СҰРАҚ–ЖАУАП

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1️⃣ Мүгедектікті белгілеу өлшемшарттары қандай?

Мүгедектікті белгілеу үшін бір мезгілде мынадай негізгі шарттар ескеріледі:
• организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
• тіршілік-тынысының шектелуі;
• әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілік.

Жасқа байланысты организмде болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеуге негіз болып табылмайды.

2️⃣ Көзбе-көз куәландыруға қатысты сараптамалық қорытындыға шағым беруге бола ма?

Иә. Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап 3 ай ішінде шағым бере алады.

3️⃣ Мүгедектік қандай мерзімдерге белгіленеді?

👶 7 жасқа дейін: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе 7 жасқа толғанға дейін.
🧒 7 жастан 18 жасқа дейін: 6 айға, 1 жылға, 5 жылға немесе 18 жасқа толғанға дейін.
👤 18 жастан асқан адамдарға: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз.

4️⃣ Сараптамалық қорытынды қашан дайын болады?

Сараптамалық қорытынды, жалпы жағдайда, жүгінген күні шығарылады.

Егер МӘС бөлімі куәландырылатын адамды және/немесе оның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберсе, қорытынды жүгінген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде шығарылады.

5️⃣ Қандай жағдайда мүгедектік тобы белгіленбейді?

Егер организм функцияларының тұрақты бұзылуы тіршілік-тынысы санаттарының шектелуіне әкелмесе, мүгедектік және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленбейді.

📌 МӘС бойынша маңызды ақпаратты біліп жүріңіз!

Сұрақтарға жауап берді:
Тұңғышбаев Мұхтар Өзбекбайұлы
№2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1280142?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version