Жаңа оқу жылы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Жаукеев Ердәулет Баянбайұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Брифингте жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар сөз болды.

Балалар – қоғамның ең осал бөлігі. Олардың қауіпсіздігі әрқашан назарда. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалардың қауіпсіздігі үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылдануда.

Білім басқармасының мәліметіне сәйкес 2026-2027 жаңа оқу жылында облыстағы мемлекеттік 302 мектепте 1-11 сыныптағы оқушылар саны 190 мыңнан асады деп күтілуде.

Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап күнделікті мектеп алдындағы жол өткелдерінде таңертең, түскі және кешкі уақытта ювеналды және патрульдік полиция инспекторлары кезекшілікте болады.

Сонымен қатар Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылғы 15 тамыз бен 30 қыркүйек күндері аралығында республикалық «Назар аударыңыз, балалар!» кең көлемді жедел профилатикалық іс шарасы өткізілуде.

Аталмыш іс-шара аясында көше-жол желісінің жай-күйіне жауапты ұйымдармен бірлесіп, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының іргелес аумақтарын тексеріп, оларды абаттандыру және балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша және білім беру ұйымдарындағы бейнекамералардың Жедел басқару орталығына толық және сапалы қосу жөнінде шаралар қабылдануда.

Жыл басынан кәмелетке толмағандар мен жастар арасында әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім», «Көктемгі демалыс», «Балалар түнгі қалада», «Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын – жайдан тыс жерде болған 7 326 жасөспірім анықталып, заңды өкілдеріне шаралар көрілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берген 193 ойын-сауық орындарының иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Мемлекет басшысы ана мен баланы қорғау шараларын күшейту қажеттігіне жүйелі түрде назар аударады. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, Ішкі істер министрі 2026 жыл «Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жылы деп жариялады. Бұл бастама балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамның жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Баланың қауіпсіздігі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әсіресе жаңа оқу жылы қарсаңында бұл мәселенің маңызы арта түседі. Балалардың мектепке барып-қайтуы, жолдағы қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы тәртібі, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі – барлығы да тұрақты назарда болуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1279966?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version