Ақтау қаласында 4А шағын ауданы мен «Ақжелкен» тұрғын массивіне дейінгі аралықта орташа жол жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Атап айтқанда, ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын «Ақбота» саябағының қиылысынан «Рахат» қонақ үйіне дейінгі аумақта ескі жиек тастары алынып, олардың орнына жаңа гранит жиек тастарын орнату жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар ескі асфальт жабындысын қырып алу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жаңа ЩМА-20 асфальт жабындысын төсеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
– Жөндеу жұмыстарының келесі кезеңдерінде жол учаскелеріне уақытша шектеулер енгізіліп, кейбір бөліктері кезең-кезеңімен жабылады. Бұл туралы қала тұрғындарына қосымша ақпарат берілетін болады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көңілімқосов.
Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта көлік жүргізушілерінен жол белгілеріне назар аударып, қозғалыс кезінде барынша сақ болуды сұраймыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1280717?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау