Атырау облысы полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері балабақша бүлдіршіндерімен кездесіп, полиция қызметінің қызықты қырларымен таныстырды.
Кинолог-инспектор бүлдіршіндерге өзінің күнделікті жұмысы, қызметтік иттердің арнайы дайындықтан өтуі және олардың құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстарды ашудағы маңызды рөлі туралы әңгімеледі. Кездесудің ең қызықты сәті – қызметтік иттердің балаларға таныстырылуы болды. Кинологтар төрт аяқты көмекшілерінің түрлі тапсырмаларды орындауын көрсетіп, олардың із кесу және қажетті заттарды табу қабілеттерін таныстырды.
Жылы форматта өткен кездесу балаларға ерекше әсер сыйлап, полиция қызметіне деген қызығушылығын арттырды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау