Бүлдіршіндер төрт аяқты тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері балабақша бүлдіршіндерімен кездесіп, полиция қызметінің қызықты қырларымен таныстырды.
🐾 Кинолог-инспектор бүлдіршіндерге өзінің күнделікті жұмысы, қызметтік иттердің арнайы дайындықтан өтуі және олардың құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстарды ашудағы маңызды рөлі туралы әңгімеледі. Кездесудің ең қызықты сәті – қызметтік иттердің балаларға таныстырылуы болды. Кинологтар төрт аяқты көмекшілерінің түрлі тапсырмаларды орындауын көрсетіп, олардың із кесу және қажетті заттарды табу қабілеттерін таныстырды.
💙 Жылы форматта өткен кездесу балаларға ерекше әсер сыйлап, полиция қызметіне деген қызығушылығын арттырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1281470?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді