
25 тамыздан бастап электросамокаттарды пайдалану тәртібіне қатысты жаңа талаптар күшіне енді.
Енді электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Қозғалыс велосипед жолымен немесе веложолақпен жүзеге асырылуы тиіс. Ал олар болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат етіледі.
Жолдың жүру бөлігіне тек 18 жасқа толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және қорғаныс шлемін киген азаматтар ғана шыға алады.
Сондай-ақ электросамокатпен жолаушы тасымалдауға және жаяу жүргіншілер өткелінен самокаттан түспей өтуге тыйым салынады.
Бұл талаптардың басты мақсаты — жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1281468?lang=ru

Жауап қалдыру