ДУШАНБЕДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗ ИНВАЗИВТІ ОНКОХИРУРГИЯДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тәжікстандағы Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде қазақстандық онкоурологтар тәжікстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуды жалғастыруда. ️ 25–26 тамыз күндері Душанбе қаласында ҚазОжР ҒИ онкоурология орталығының жетекшісі, PhD Хусан Умурзаков онкоурологиядағы заманауи аз инвазивті әдістер бойынша дәріс оқып, институттың лапароскопиялық технологияларды қолдану тәжірибесін таныстырды.  Жұмыстың негізгі бөлігі тікелей операциялық бөлмеде өтті. Тәжікстанның Республикалық онкология ғылыми орталығының мамандарымен бірлесіп, бүйрек, бүйрекүсті безі және қуыққа жасалған күрделі лапароскопиялық операцияларды қоса алғанда, бірқатар хирургиялық араласулар жүргізілді.  Мастер-класс форматы тәжікстандық мамандарға заманауи хирургиялық тәсілдерді талқылап қана қоймай, олардың практикада қолданылуын тікелей көруге мүмкіндік берді.  Сонымен қатар пациенттерге консультациялар жүргізіліп, күрделі клиникалық жағдайлар бірлесіп талданды. Жүргізілген операциялардың қорытындысы бойынша пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар дәрігерлердің бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1281115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version