ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НЕГІЗІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай қаласының прокуратурасы құрылыс нысандарындағы өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

Бүгін Қостанай облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментімен бірлесіп, «БК «Строй» еңбек ұжымымен түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – қызметкерлерге еңбек заңнамасының талаптары мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, сондай-ақ жұмыс берушілерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігін еске салу.

Мұндай іс-шаралар еңбек процесіндегі ықтимал тәуекелдерге дер кезінде назар аударуға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қостанай қаласының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, Қостанай қаласының басқа да еңбек ұжымдарында осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1281440?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version