Қазақстандық онкологтар Тәжікстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары тәжікстандық онкологтармен жұмыс кездесулерін өткізді. Әріптестерге Қазақстандағы заманауи онкологиялық көмектің мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, диагностикалау және дәрі-дәрмекпен емдеуден бастап, жоғары технологиялық хирургия, радиология, ядролық медицина және трансплантаттау бағыттары қамтылды. Практикалық жұмыс клиникада жалғасты. ҰҒОО мамандары дәрігерлер консилиумдарына қатысып, күрделі клиникалық жағдайларды, соның ішінде онкогематологиялық аурулары бар балаларды емдеу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қазақстандық хирург-трансплантолог бүйректі трансплантаттау бойынша операцияларға қатысты. Тараптар кәсіби тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастыру туралы да уағдаласты. Тәжікстан мамандары ҰҒОО базасында білім алып, біліктілігін арттыра алады. Сондай-ақ олар Астана қаласында өтетін ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 халықаралық конференциясына қатысады. Кездесудің басты нәтижесі – күрделі онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы практикалық ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1280741?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version