Санитарлық тазалық күнделікті бақылауда болуы керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда Қызылорда қаласының санитарлық тазалығына қатысты мәселелер талқыланды.
Облыс әкімінің тапсырмасымен 24-25 тамыз күндері қала аумағындағы санитарлық тазалыққа, тұрғын үй аулалары мен ойын алаңдарының жай-күйіне, сондай-ақ абаттандыру жұмыстарына зерделеу жүргізіліп, кемшіліктер анықталған.
Мұрат Нәлқожаұлы бірқатар ескерту айтып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
«Қала әкімдігі жауапты мекеме басшыларымен бірлесіп, кемшіліктерді тез арада жойып, қалпына келтіруі керек.
Тағы бір өзекті мәселе – тұрғындардан «109» бірыңғай байланыс орталығына келіп түсетін шағымдар. Олардың басым бөлігі тазалық пен қауіпсіздікке қатысты. Бұл мәселелерді шешудің нақты жолдарын қарастырыңыздар.
Бұған дейін қала аумағының санитарлық тазалығын күнделікті бақылау үшін арнайы секторлық бөлініс жасалып, әр секторға облыс әкімінің және қала әкімінің орынбасарлары жауапты болып бекітілген. Осы бөлініске сәйкес өздеріңізге бекітілген аумақтарды тұрақты аралап, жағдайды қатаң бақылауда ұстаңыздар.
Өткен Үкімет отырысынан кейінгі жиында Астана қаласы әкімдігінің қалалық инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының қызметін зерделеп, бірыңғай алгоритм қалыптастыруды тапсырған болатынмын. Осы тапсырма аясында жүйелі жұмысты қолға алыңыздар», – деді облыс әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-district/press/news/details/1281299?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version