Облыста 2026–2027 оқу жылына дайындық барысын бағалау бойынша санитариялық мониторинг аяқталды.
Мониторинг барысында аумақтық бөлімшелердің мамандары 312 мектепті, 286 мектеп асханасын және 9 мектеп-интернатты қамтыды. Тексеру нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың жекелеген бұзушылықтары анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты басшыларға оларды белгіленген мерзімде жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді.
Бүгінде анықталған бұзушылықтардың 95% жойылды. Қалған нұсқамалардың орындалуы жауапты мамандардың тұрақты бақылауында.
Жалпы, облыстың білім беру ұйымдары жаңа оқу жылын бастауға толық дайын. Мектептерде санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға және оқу процесінің үздіксіз ұйымдастырылуына бағытталған қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді.
Осылайша, жаңа оқу жылына дайындық бойынша негізгі іс-шаралар аяқталды. Мониторинг барысында анықталған қалған кемшіліктерді толық жою жұмыстары жалғасуда және бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1281298?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау