ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
                Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.О. Қалдарбековтің төрағалығымен техникалық оқу өткізілді.
              Оқу барысында келесі мәселелер қаралды: 900. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты, 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты, 902. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты туралы, Бюджет кодексінің «26-бап (Аудандық маңызы бар қала) бюжджетке түсетін түсімдер» туралы және «27-бап Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюжджеттеріне түсетін түсімдер» туралы, «4-бап Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі қағидаттары» туралы, «14-бап Бюджеттік бағларламалардың (кіші бағдарламалардың) түрлері» туралы, «29-бап Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу туралы жалпы ережелер» туралы және «31-бап Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары» туралы.
              Күн тәртібіне сәйкес Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының жоспарлау, есептілік және сапа бақылауы бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор Альсеит Аманжолұлы, мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор Берік Саңғылбайұлы, бас инспектор-мемлекеттік аудиторлар Света Бақытбекқызымен Нұрлан Серікұлы және бас маман-мемлекеттік аудитор Рая Жетпісбайқызы баяндама жасады. Оқу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға баяндамашылар жан-жақты жауаптар берді.
              Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлы алдағы жұмыс барысында рәсімдік стандарттарды, сондай-ақ заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, қызметті қолданыстағы талаптарға сәйкес ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1281370?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version