Алматыда 29 және 30 тамыз күндері Түркістан облысы мен Алматы қаласының шаруалары және тауар өндірушілері қатысатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сауда қатарлары Қазыбек би көшесінің Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесі аралығындағы бөлігінде орналасады.
Жәрмеңкеде 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады. Түркістан облысының 16 ауданынан шаруалар мен өндірушілер өнімін әкеледі.
Өнім түрлерінің қатарында 100 тоннаға жуық ет өнімдері, 170 тонна көкөніс, 66,5 тонна сүт өнімдері, 30 тонна жеміс-жидек, сондай-ақ 70 тонна жидек пен бақша дақылдары бар.
Өнімдерді орташа нарық бағасынан 8–20% төмен бағамен сату жоспарланып отыр.
Жәрмеңке Алматының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстар аясында өткізіледі. Сондай-ақ жәрмеңке отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және тұрғындардың балғын өнімдерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1281898?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау