Алматыдағы «Алатау» театрының аккордеоншысы Жандос Сауыт Coupe Mondiale әлем кубогын жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аккордеоншысы Жандос Сауыт 79-шы халықаралық Coupe Mondiale байқауында әлем кубогының иегері атанды. Байқау 23-27 тамыз аралығында Астанада өтті.

Coupe Mondiale байқауын Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясы – Confédération Internationale des Accordéonistes (CIA) ұйымдастырады. Байқау әлемнің әр елінен кәсіби орындаушылар мен жас музыканттардың басын қосады.

Қатысушылар Coupe Mondiale, Masters Coupe Mondiale, Junior Coupe Mondiale, Virtuoso Entertainment Music және ансамбльдік орындаушылық сынды бірнеше аталым бойынша сынға түседі.

Жандос Сауыт Қазақстан атынан өнер көрсетіп, байқау қорытындысы бойынша бас жүлде – әлем кубогын жеңіп алды.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл жетістік отандық орындаушылық өнер үшін маңызды оқиға. Сондай-ақ, өнерпаздың жеңісі Қазақстандағы баян және аккордеон орындаушылық мектебінің жоғары кәсіби деңгейін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1281899?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version