Батыс Қазақстанда қауіпсіздік талаптарын бұзған кәсіпорында 13 жүк көтергішкранның жұмысы тоқтатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы жоғары тәуекел тобына жататын өндірістік объектілерге жоспарлы тексеру жүргізді. Тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар «Гидромаш-Орион МЖБК» ЖШС-ның өндірістік нысандары мен құрал-жабдықтарының техникалық жай-күйін, заңнама талаптарының сақталуын және персоналдың даярлық деңгейін бағалады. Нәтижесінде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты уәкілетті орган шұғыл шаралар қолданды. Анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін 13 жүк көтергіш кранды пайдалану уақытша шектелді. Сонымен бірге кәсіпорын басшылығына орындалуы міндетті нұсқама беріліп, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау — өндірістік жарақаттанудың алдын алудың басты шарты. Уәкілетті орган аймақтағы қауіпті өндірістік объектілерде бақылау шараларын жүйелі түрде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1281844?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version