2026 жылғы 2 қыркүйек Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратында үлкен мәжіліс залында сағат 11-00-де VIІІ шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVIІ (57) сессиясы шақырылады.
Сессия Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» № 234/42 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – Жумагулова Куляйм Қайырқызы.
- Ақтоғай ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауданының жер қатынастар бөлімінің басшысы – Шорманов Махмет Жасуланұлы.
- Ақтоғай ауданының әкімдігінің ұсынылған дербес құрамын келісу туралы.
- Ақтоғай ауданының терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы.
- Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның жаңа құрамын бекіту туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы – Уюкбаев Беслан Ерланұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-aktogay/press/news/details/1281998?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау