Қазақстан мен Корея Республикасы EPS жүйесі аясындағы одан әрі ынтымақтастықты талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы азаматтарын Корея Республикасында жұмысқа орналастыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум жобасын алдын ала келісу шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті өкілдерінің кореялық әріптестерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар EPS жұмысқа орналастыруға рұқсат беру жүйесі шеңберіндегі одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін, Қазақстан азаматтарын жұмысқа орналастыру және жөнелту процесін ұйымдастыру тәртібін, кандидаттарды ақпараттық сүйемелдеуді, қызметкерлерді іріктеу және даярлау бойынша қажетті рәсімдерді өткізуді, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының Корея Республикасында болу кезеңінде еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін талқылады.

Екі елдің құзыретті органдарының іс-қимылдарын одан әрі үйлестіруге, ақпарат алмасуға және қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және Меморандум жобасын келісу процесін қысқа мерзімде аяқтауға мүдделі екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kqon/press/news/details/1281997?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version