Маңғыстау облысында «Tenge Oil&Gas» ЖШС нұсқама талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Tenge Oil&Gas» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілерінде бұрын берілген нұсқама талаптарының орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Аталған бұзушылықтар бақылаушы орган тарапынан кәсіпорын қызметін 2026 жылы жоспарлы тексеру барысында анықталған еді. Жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша 54 тармақтан тұратын бұзушылық тіркеліп, оларды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама берілген. Алайда кейінгі жоспардан тыс тексеру нәтижесінде көрсетілген 54 тармақтың 4-еуі бойынша кемшіліктердің жойылмағаны анықталды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті құжаттар шешім қабылдау үшін сот органдарына жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1281786?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version