Өскемен қаласында батут гимнастикасы бойынша көпсайыстан және жекелеген жаттығу түрлерінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Ел чемпионатына Қазақстанның әр өңірінен 159 спортшы қатысып, өз шеберліктерін сынауда. Жарыс барысында қатысушылар спорттық шеберліктері мен дене дайындығын көрсетіп, өз бағдарламаларында үздік атану үшін бақ сынайды.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтті. Іс-шараға спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылар, төрешілер және жас спортшылар қатысты.
Салтанатты шара барысында спортшыларға сәттілік, жоғары нәтижелер және тартысты әрі әділ бәсеке тіленді. Жас гимнасшылар үшін бұл чемпионат спорттық шеберліктерін шыңдап, жарыс тәжірибесін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды дода болып отыр.
Жарыс өз жалғасын табуда. Чемпионат қорытындысы бойынша өз санаттарында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар анықталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1281769?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау