026 жылғы 28 тамызда №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы С.Н. Карабекова мен медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы С.А. Картпаеваның ұйымдастыруымен «Мүгедектігі бар адамдарды оқыту, қайта даярлау және жұмыспен қамту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ, «Ақтөбе қаласының Мансап орталығы» өкілдері, Қазақстан зағиптар қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы А.Ж. Уксумбаева, сондай-ақ көру және есту қабілеті бұзылған адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері – Ж.С. Айдаубаева, А.Е. Өтегенова және Т.А. Новоселова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында мүгедектігі бар адамдарды оқыту және қайта даярлау, олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, еңбек нарығына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдардың кәсіби дамуына және еңбек етуіне тең мүмкіндіктер қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар пікір және ұсыныстармен алмасып, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1282136?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау